Табиғатқа қамқорлық танытты

Жәңгір хан университетінің студенттері Батыс Қазақстан экологиялық географиялық қоғамының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы орман шаруашылықтарында болды.

Атап айтқанда, Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің 4-курс білім алушылары Дариян және Трекин орман алқаптары мен Январцев орман шаруашылығында болды. Жоғары мектептің аға оқытушысы, магистр Эльмира Қаршығақызы Ақкереева жетекшілік етіп апарған экология мамандығында оқитын студенттер мен бұл сапар барысында орманды жерлерден ағаш тұқымдарын жинап, облысымыздағы өртенген орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарына өз көмектерін көрсетті.

Табиғатқа қамқорлық таныту акциясына қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосқан жастарға Батыс Қазақстан экологиялық географиялық қоғамы үлкен алғыс білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу