Табиғат аясында демалды

Жәңгір хан университетінің ұжымы 7 қазан күні «Еңбек күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекелерін атап өту мақсатында «Нива» сауықтыру кешенінде бас қосты.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов пен университеттің кәсіподақ ұйымының басшысы Бекқали Бисенбиев алдымен сөз алып, әріптестерін құттықтады. Сондай-ақ бір топ оқытушылар мен қызметкерлер атаулы мерекелерге орай кәсіподақ атынан төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұдан әрі қызметкерлер демалыстарын спорттық шаралармен жалғастырып, уақытты қызықты өткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу