Жәңгір хан университетінің 6В04100 «Экономика» білім беру бағдарламасының студенттері Аружан Бақтығали, Данабек Төлегенұлы, Әлия Исетова аға оқытушы, магистр Назым Атабекқызы Ахметжанованың жетекшілігімен студенттік жобаларға арналған «Өзекті жобалар: идеяларды іздестіру және оларды жүзеге асыру» тақырыбындағы I халықаралық байқауда жүлделі 3-орынды иеленді. Олар байқауда «Цифрлық технологияны маркетингте қолдану» бағыты бойынша секцияларға қатысты. Жалпы байқауға отандық және шетелдік қатысушылардан 60-тан астам студенттік жоба ұсынылып, олардың 27-сі екінші кезеңге өтті. Студенттік команданың әр қатысушысы дипломдармен марапатталса, жоба жетекшісі алғыс хат иеленді.
Аталмыш байқау Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің бизнес мектебі ұйымдастырған дәстүрлі «Экономика қысқы мектебі-2025» шарасы аясында бірнеше бағытта өтті.