Студенттеріміз республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

14-15 сәуірінде Алматы технологиялық университетінде В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі»  білім беру бағдарламаларының тобы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХIV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның 11 ЖОО-нан 48 студент қатысты, олардың арасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ,  АТУ, ҚазҰӨА, Торайғыров университеті, ҚазИТУ, ҚазТБУ және еліміздің басқа да жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің командасы жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, қатысушылардың жеке нәтижелері бойынша жүлделі ІІ орынды ППП-31 тобының 3 курс студенті Жалғасбаева Марал Темірболатқызы иеленді! Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу