Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

Жәңгір хан университетінде жыл сайын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының  байқауы өткізіледі. Ветеринария және агротехнология институтында СҒЗЖ байқауының іріктеу кезеңін өткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Институт бойынша барлығы 20 жұмыс қаралды. Қазіргі уақытта СҒЗЖ республикалық конкурсының ресми І кезеңі аяқталып, екінші  кезеңіне қатысуға жеңімпаздар мен үміткерлер анықталды. ЖОО ішіндегі байқауда бірінші орынды 8, екінші орынды 7, үшінші орынды 4 студент иеленді.

Студенттердің  ғылыми-зерттеу жұмыстарының  республикалық байқауының 1 кезеңінің жеңімпаздары:

1-орын: Айгалиева Аяжан Байжановна, 3-курс, 6В0830-«Ландшафттық дизайн»;  Мағзомова Жанерке Нұрланқызы, Қанатова Айсәуле Қазбекқызы, 3-курс,  6В0720-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»;  Максут Асыланбек, 3-курс 6В05200-«Өнеркәсіптік экология»; Байдуллаева Адина Аманжолқызы, Қусайынова Карина Рафхатқызы, 4-курс,  6В09101-«Ветеринарлық медицина»;  Ященко Виктория Анатольевна, 3-курс, 6В09102-«Ветеринарлық санитария»;  Қыдыраш Алина Серікқызы, 3-курс, 6В07203-«Тағам қауіпсіздігі». 

2-орын: Темир Зарина Жандарбекқызы, Болатова Айсезім Беркінқызы, 3-курс, 6В07201-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»»; Ибрагим Бахтияр, 3-курс, 6В05200-«Өнеркәсіптік экология»;  Қабиболла Абдрахим Өміржанұлы, Аубекеров Ардан Бекбулатович, 6В09102-«Ветеринарлық санитария»; Серікжанқызы Айпара, 3-курс, 6В07200-«Тағам өнімдерін өндіру»; К.С.Кондрашенко, 3-курс, 6В0830-«Ландшафттық дизайн». 

3-орын: Қазысейтова Жаңылсын, 3-курс, 6В05200-«Өнеркәсіптік экология»; Азаматова Айдана Ақылбекқызы, 3-курс, 6В08301-«Ландшафттық дизайн»; Айткалиева Жанель Азаматовна, 3-курс, Ветеринарлық санитария; Қажимов Даниал Ғалиматұлы, 3-курс, 6В07200-«Тағам өнімдерін өндіру».

  Биылғы оқу жылында Жәңгір хан университеті «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық СҒЗЖ өткізу үшін базалық ЖОО жұмысын атқарды.

«Ветеринариялық санитария» ББ шеңберінде республикалық конкурсқа 15 студенттік жұмыс түсті: Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті –1; Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – 2; Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – 4; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 6; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 2 жұмыс. Студенттердің  ғылыми-зерттеу жұмыстарының 6В09102-«Ветеринарлық санитария» БББ бойынша  республикалық байқауының жеңімпаздары:

1-орын:Ященко Виктория Анатольевна, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті, ғылыми жетекші: Кадралиева Бакытканым Талаповна

2-орын:

1. Каратаева Аружан Абаевна, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті.  Ғылыми жетекші: Адильбеков Жанат Шабанбаевич;

2. Қабиболла Абдрахим Өміржанұлы, Аубекеров Ардан Бекбулатович Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері.  Ғылыми жетекші: Айтпаева Зухра Сансызбаевна

3-орын:

  1. Карагулов Расул Нысанбайұлы, БҚИТУ студенті. Ғылыми жетекші: Жубантаева Алтын Нурымовна.
  2. Рысбекқызы Дәнекер, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті.  Ғылыми жетекші: Жанабаева Динара Кабдуллаевна.
  3. Ертуғанова Айдана Берікқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті. Ғылыми жетекшілер: Жумагелдиев Акылбек Амиркулович, Толепова Гулзат Канибековна.

Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз!