Спорт ардагерінің мерейтойына арналды

16 мамыр күні спорт ардагері Матияс Хамитовтың 80 жылдық мерейтойына арналған шағын футболдан қалалық ашық турнир өз мәресіне жетті.  Салтанатты жиынға қатысушылар мерейтой иесін құттықтап, оның спорт саласын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар жарыс қорытындысы жарияланды. Ардагерлер мен футболшылар арасында өткен іс-шарада «Атырау»  командасы — бірінші орын, «Достар»  — екінші орын, «Галактион» үшінші орынға ие болды. Жүлдегерлерге Кубоктар, медальдар және «Орал»  спорт клубының дипломдары табысталды. Сондай-ақ ойында үздік нәтиже көрсеткен қорғаушының, шабуылдаушының, доп соғушының, қақпашының, ойыншының есімдері белгілі болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу