Спартакиада жеңімпаздары анықталды!

Университеттің профессорлар-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық-2022» қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бүгін спорттық іс-шараның жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Командалық есеп нәтижесінде спорттың барлық түрі бойынша 603 ұпай жинаған «Әкімшілік бөлімінің құрама командасы» 1-орынды иеленді. Жүлделі екінші орынға «Политехникалық институттың құрама командасы» (588 ұпай) ие болса, «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімі» мен «Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма» қызметкерлерінен құралған құрама команда (524 ұпай) 3-орынға тұрақтады. Сонымен қатар үздік ойыншылар марапаттан құр қалмады.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу