Республикалық олимпиада өтті

Жәңгір хан университетінде 24-25 сәуір күндері XVII республикалық пәндік олимпиада өтті.

Білім додасына Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің,  Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және Жәңгір хан университетінің білім алушылары қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Жалпы алғанда алты команда, 24 студент қатысты. Олар «Өсімдіктерді қорғау және карантин», «Аквакультура және су биоресурстары» білім беру бағдарламалары бойынша өзара сынға түсті. Негізінен 3-4 курстардың студенттері қамтылған олимпиадада алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, одан кейінгі алғашқы кезеңінде аталған білім бағдарламалары бойынша тестілік тапсырмаларды орындаса, екінші кезеңде ситуациялық тапсырмаларға жауап берді.

Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер және олардың жетекшілері марапатталды.