Практикаға бағытталған сабақ – дуалды оқыту негізі  

Қазіргі таңда оқу үрдісінде теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы, яғни дуалды технология кеңінен қолданылуда.

Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.

Осыған байланысты «Ақпараттық технология» жоғары мектебінің оқытушылары да  3-4 курс білім  алушыларына арналған өздерінің базалық және бейіндік пәндеріне практикаға-бағытталған сабақтар жоспарлап, өткізуде.

Осыған орай, 7- қазан күні «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс білім алушыларына «IT инфрақұрылымы» пәнінен практикаға бағытталған сабақ «Технопарк «Алгоритм»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткізілді.

Пән оқытушысы А.С.Бекенова білім алушыларды кесте бойынша кәсіпорынға апарып, ЖШС ««Алгоритм» технопаркi» директоры Н.А.Наурызбаев ұйымның архитектурасымен таныстырып өтті.  Әрі қарай сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету инженері  Н.В. Карпов білім алушыларға кәсіпорын инфрақұрылымымен таныстырып, серверлердің жұмыс істеу принциптерін көрсетті. Білім алушылар өз сұрақтарын қойып, инженер бәрін көрсетіп, түсіндіріп берді. Сабақ қызықты да тартымды өтті.

 Осындай практикаға бағытталған сабақтар «Ақпараттық технология» жоғары мектебінде жалғасын табуда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу