Поэзия кеші өтті

Жәңгір хан университетінде қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзиялық кеш өтті.

Аталмыш шараны университеттің студенттік ректоры лауазымына үміткер Омархан Нияз «Жастар бастамасын дамыту» және «Парасат» ақпараттық білім беру орталықтарының қолдауымен өткізді.

Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, көркемсөз шеберлері қаламгердің өлеңдерін оқыды.  Сонымен қатар, көпшілік назарына мұзбалақ ақынның өмір жолын бейнелейтін бейнеролик ұсынылды.

Жиын соңында белсене қатысқан студенттерге Мұқағали ақынның кітаптары сыйға тартылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу