Патриоттық сезім сыйлаған шара

 «Ғылым айы – 2021» апталығы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің туған жерім» тақырыбында тәрбиелік-патриоттық іс-шара өтті.

Политехникалық институт директоры Ж.Кубашеваның, ОӘБ институтының төрағасы Қ.Куптлеуованың және эдвайзерлердің жетекшілігімен ұйымдастырылған кешке қатысушылар туған жерлерінің көрнекті орындары туралы сүйіспеншілікпен әңгімелеп берді. Осылайша оқушылар біздің Отанымыздың әсемдігімен танысты. Кеш соңында профессор Е.Айталиев, Политехникалық институт директорының орынбасары С.Хайруллина және «Көлік және инженерлік қорғау» жоғары мектебінің жеткшісі А.Ибраев шараны қорытындылап, жеңімпаздарға «Мақтау қағаздарын» табыстады. Атап айтқанда, 1-орынға – Нағыметова Аружан (БЖП-11), 2-орынға – Хайролла Зира (ЭС-13) мен Меңдіқұлова Айгерім (ЭС -15), 3-орынға –Әуелбекқызы Зарина (ЭС-11) ме болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу