Оралдықтар нан өнімдерін қаншалықты жиі тұтынады?

29 қазан Агротехнологиялық институтының”Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары” жоғары мектебінің ТПР-41,42,43 топ студенттері “Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы” пәнінен практикаға бағытталған сабақтары қала тұрғындарына сауалнама жүргізу түрінде өткізілді.

Білім алушылар Орал қаласының тұрғындарынан нан өнімдерін тұтыну деңгейі мен сапасы туралы сауалнамаларға жауап алды.

Нан өнімдерін сатып аласызба деген алғашқы сұраққа 100% «иә» деп жауап берді. Бұдан тағы бір сұрақ туындап: «Нан өнімі сіздің өміріңізде үлкен рөл атқарама?» деген сұрақ қойылған еді. Бұл сұраққа студент қауымы онсыз тағам дәмді болмас еді деп жауап қайтарды. Ал 25-40 жастағы азаматтар нан өнімінің адам өмірінде үлкен рөл алып, күнделікті рационда болатын тағам екенін айтты.

Сонымен қатар, сауалнама нәтижесінде Орал қаласында  нан-бөлке өнімдері нарығының даму деңгейін жоғары екенін, тұрғындар 70% «№1 нан зауыты», «Желаев нан», «Орал нан» өндіріс орындарының нан-бөлке өнімдерін тұтынатынын және жаңа нан-бөлке өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге қарсы емес екені, жалпы қала тұрғындары жаңа нәрсені көргенді ұнататыны байқалды.

Сауалнама барысында білім алушылар Орал қаласының тұрғындарының нан өнімдерін тұтыну деңгейі мен сапасы туралы қажетті ақпараттар жинады.

Практикаға бағытталған сабақты жоғары мектептің аға оқытушысы, PhD доктор Г.А.Умирзакова жүргізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу