Оралда инвестициялар мен цифрландыру бойынша өңірлік форум өтті

2019 жылдың 14-ші қыркүйегінде Оралда Digital In West — инвестициялар және цифрландыру бойынша өңірлік форумы өтті. Форумда қоғамды, мемлекет пен бизнесті цифрландыру үшін инновациялық экожүйені құру және дамытуға ерекше назар аударылды. Оған  отандық және шетелдік инвесторлар мән кәсіпкерлер қатысты.  Орал трансформатор зауыты базасында ұйымдастырылған форум аймақтың экспортқа бағытталған тауар өндірушілерінің және форум қатысушыларының ІТ жобаларының көрмесімен басталды. Көрмеде 30 шақты жергілікті кәсіпорынның өнімдері мен республикамыздағы 15 ІТ жоба таныстырылды. Форумның пленарлық мәжілісін облыс әкімі Ғали Есқалиев ашып, цифрландыру аясында облыста іске асып жатқан жобаларды таныстырып өтті.

Сонымен қатар Форумға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бір қатар оқытушы құрамы қатысты. Бұдан кейін форумға қатысушылар бірнеше секцияға бөлініп, түрлі бағыттағы жұмыстарды тереңірек талқылады. Әсіресе, біздің мамандыққа байланысты яғни энергетика саласындағы  заманауи цифрландыру тиімді бағдарламалары және көрмедегі «Орал кабель» ЖШС шағын кәсіпорынындағы әр түрлі технологияда қолданылатын  кабель-сымдардың шығаратыны қызықтырды. Қазіргі заманда электр құралдарының сырттан емес өзімізде шығаратыны үлкен жетістік екенін айтуға болады. Отандық өнімге сұраныстың болатыны анық.  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу