Өндірісте өткен үш апта

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі студенттерінің үш апталық тәжірибеге бағытталған сабақтары өндіріс орнында өтті.

Өткен үш апта ішінде оқытушылар Л. Т. Калиева мен А. К. Кушенбекованың жетекшілігімен аталмыш жоғары мектептің (ЗКР-41 тобы) студенттерінің тәжірибеге бағытталған сабақтары «ҚР АШМ АӨК КММ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ БҚО филиалында өтті. Бұл сабақтар «Егістік дақылдарының зиянкестері мен ауруларының таралуын болжау»,«Өсімдіктерді биологиялық қорғау»,«Өсімдіктерді қорғаудың заңнамалық және нормативтік негіздері» пәндері бойынша өткізілді. Білім алушылар ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестері мен ауруларын болжау ерекшеліктері туралы толық ақпарат алып, осы дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау тәсілдері туралы білді. Сонымен қатар мекеме мамандарының зертханадағы жұмыс құралдарымен танысып, оларды қолдану бағыттарын бақылады. Тәжірибеге бағытталған сабақтар барысында болашақ мамандар өндірістік мамандарға өз сұрақтарын қойып,«Өсімдік қорғау және карантин» мамандығына қызықтыратын жауаптар алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу