«Мұнай-газ ісі» және «Химиялық инженерия және процесстер» мамандықтарының студенттері практикаға бағытталған сабақ өткізді

«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебі 6В07202 – «Мұнай-газ ісі» және 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін практикаға бағытталған сабақтарын Ақсай қаласындағы  «Конденсат» және «Оралмұнайгазгеология» АҚ базасы аумағында ұйымдастырды.

28-29 қыркүйек күндері 4 курс білім алушылары үшін «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай мен газ ұңғымаларын жинау және дайындау», «Отындар химмотологиясы және мұнай мен газды талдау», «Мұнай отындарын өндірудің жетілдірілген және каталитикалық процестері» пәндері бойынша практикаға бағытталған сабақтарды Ақсай қаласында «Конденсат» АҚ зауытында  өткізді. Білім алушылар қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықпен танысты, кейін кәсіпорын өкілі мен жауапты оқытушылардың басшылығымен мұнай өңдеу зауытына экскурсия жасады. Экскурсия барысында «Мұнайды кешенді өңдеу», «Мұнайды сақтау», «Резервуарлар мен резервуарлардың жабдықтары», «Мұнайды тұрақтандыру», «Ректификациялық колоннаның жұмысы» және т.б. тақырыптарда дәрістер оқылды.

Ал, 6-8 қазан аралығында «Оралмұнайгазгеология» АҚ базасында «Мұнай, газ және химиялық  инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары мен компания өкілі, бас механик Абдулов Болат Кайратовичтың ұйымдастыруымен 3-4 курс білім алушыларына практикаға бағытталған сабақтар өткізілді.

Практикаға бағытталған сабақтар «Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай мен газ ұңғымаларын жинау және дайындау», «Ұңғымаларды жөндеу» пәндері бойынша өткізілді. Кіріспе дәрісті «Оралмұнайгазгеология» АҚ бас механигі Болат Абдулов пен арнайы пәндердің жетекші оқытушылары Купешова А.С., Сатаева С.С., Джусупкалиева Р.И., Абдыгалиева А. К., Кенжегалиева Ж.Т., Наурызбекова А. Ж. және  магистранттар Сагадатова Г.Т. және Сапиев Е.С. жүргізді. Білім алушылар кәсіпорынның құрылымымен, материалдық-техникалық базасымен, бұрғылау және далалық жабдықтармен, бұрғылау саласындағы инновациялық жаңалықтармен, бұрғылау құбырларын коррозиялық тозудан қорғау және «TOP Drive» автоматтандырылған жетегімен танысты, сонымен қатар ұңғымаларды жөндеу қондырғысының жұмысымен жөндеу технологиясымен, әр түрлі қуаттылықтағы превенторлардың конструкциясымен және т.б танысты.

Білім алушылар бұрғылау және далалық жабдықтарды, ұңғымаларды жөндеу қондырғыларын, бұрғылау құбырларын көруге қызығушылық танытты. Технологиялық процестер туралы дәлірек түсініктер алып, соның арқасында білім алушылар болашақ мамандығының мәнін түсінді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу