Мастер-класс

2023 жылдың 12 қазанында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «West Startup Incubator» бизнес-инкубаторының 2-ші бизнес-инкубациялық бағдарламасы аясында, «Бастау бизнес» жобасы бойынша «Атамакен» ҰКП бизнес-тренерлері Сүйіншқалиева Динара Сағынғалиқызы және Бигеева Зульфия Тынымгерейқызы мастер-класс өткізді.

«Қаржылық жоспарлау» мастер-класы барысында Динара Сағынғалиқызы қатысушыларды стартап жобаларды қаржыландырудың негізгі көздерімен, гранттық қаржыландырудың шарттары және мүмкіндіктерімен таныстырды. Мастер-класс барысында келесі сұрақтар қарастырылды: қаржылық жоспарды қалай құру керек және ол не үшін қажет; қаржылық жоспарлауға сәйкес қаржылық шешімдерді қалай дұрыс қабылдау керек; қандай инвестицияларға ақша салу керек.

Бизнес-тренер Бигеева Зульфия Тынымгереевна «Венчурлық инвестициялар» тақырыбында мастер-класс өткізді, оның шеңберінде венчурлік инвестициялар инфрақұрылымының мәселелері талқыланды, нақты мысалдармен венчурлік жобаны іске асыру үшін инвесторларды қалай іздеуге болатынын және қандай қиындықтар бар екенін, бастаушы инвестордың қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін көрсетті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу