Қыздарда – күміс жүлде

Жәңгір хан университетінің спортшы қыздары түрлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде.

Атап айтқанда, «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының студенттері Зейнеп Баянова (ІІІ курс) мен Айымгүл Абылова (І курс) және «Агротехнология» институтының ІV курс студенті Айкөркем Ихсанова әйелдері күресінен күміс медальды еншілеп, университет мерейін асқақтатуда.

Зейнеп Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орыннан көрінсе, Айымгүл мен Айкөркем Ақтау қаласында өтіп жатқан ҚР Жоғары оқу орындары студенттері арасында ХІІ жазғы универсиадада күміс жүлдеге ие болды.

Спортшы қыздарымызды құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу