18 маусым күні Жәңгір хан университетінде әскери кафедра курсанттары әскери ант қабылдады. Оқу жылы ішінде курсанттар запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқыды, «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру», «Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану», «Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану», «Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу», «Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жылдық курс пен оқу-жаттығу жиынынан өтті. Жиын барысында олар көлік жүргізу, әскери дайындық курстарынан өтіп, мамандық бойынша практикалық дағдыларды игерді. Курсанттар саны – 169.
Курсанттар ант қабылдады
21-06-2022
286
Көп оқылғандар
-
«Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік рәміздер» тақырыбында дөңгелек...
805 04.06.2026 -
БҚАТУ студенті Бекжан Ғалымжан VIII Халық ойындарының...
667 17.06.2026 -
Әскери кафедра түлектеріне әскери атақтар берілді
590 25.06.2026 -
Әскери кафедра түлектеріне «запастағы сержант» шені табысталды
559 04.06.2026 -
Жәңгір хан университетінің студенті Сабина Құлымбетова самбодан...
485 26.06.2026
Жоғары





