Құрметті әріптестер, оқытушылар, университет қызметкерлері! Құрметті студенттер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар мол болсын. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке, ырыс алып келсін. Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа 2024 жыл біздің жетістіктерімізді одан әрі арттырып, сіздердің өмірлеріңізге жағымды өзгерістер әкелсін!

Құрметпен,

Басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу