Қос университет өткізген семинар

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен бірлесіп 21 маусымда ҚР АШМ BR10764965 «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс-энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде сүтті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» бағдарламасы шеңберінде «Сүтті бағытты сиырларды азықтандыру және өз төлі есебінен көбейту барысында заманауи әдістерді қолдану» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Ғалымдар аталмыш жоба аясында «Есбол» және «Анисан» шаруа қожалықтарында алынған нәтижелерді «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС негізінде демонстрациялады: бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сүтті сиырлардың рационын оңтайландыру, сүтті малды молайтуда заманауи әдістерді пайдалану, бір жынысты ұрықты пайдаланудың биотехнологиялық әдісін енгізудің экономикалық тиімділігі, NRC стандарттары бойынша сүтті малды азықтандырудың отандық нормаларын әзірлеу. Семинарға «Монти» ЖК, «Анисан», «Жайлау», «Асем», «Бәйтерек», «Ынтымақ», «Исламбек», «НурМТС», «Болашақ» шаруа қожалықтары, «Актеп», «Ринго Милк» ЖШС сияқты шаруашылықтардың басшылары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, ғалымдар, мал шаруашылығы мамандары, зоотехниктер, ветеринарлар, Ақтөбе облысының АШБ және жер қатынастары мамандары, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері және басқалары белсенді қатысты.

Жетекші фермерлер семинарды өткізгені және қатысқаны үшін ғалымдарға алғыстарын білдіріп, ынтымақтастыққа және осындай ғылыми-практикалық семинарларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу