Қонаев қорының төрағасымен жүздесті

Бүгін Жәңгір хан университетінде Батыс Қазақстан облыстық «Д.Қонаев қоғамдық қорының» төрағасы Нұрлан Изтелеуовпен кездесу өтті.

«Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шарада алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов қадірменді мейманға университет басшылығы мен білім алушылар атынан ыстық ықыласын білдірді.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы қордың жұмысымен таныстырған Нұрлан Дүйсенбайұлы қордың ұйытқы болуымен облыс көлемінде, Орал қаласында атқарылған іс-шаралардан хабардар етті. Сонымен қатар 60 жылға жуық тарихы бар Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Оралда ашылуына Д.Қонаевтың тікелей ықпал еткенін әңгімелеп берді.

Кездесу барысында студенттер қор төрағасына сұрақтар қойып, ел тарихында өзіндік орны бар тұлғаның өмірі мен еңбек жолына қызығушылық танытты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу