Көгалдандыру және табиғатқа қамқорлық

Жәңгір хан университетінде онлайн форматта өткен «Жастар қолымен таза қала» экологиялық акциясының қорытындысы белгілі болды.   

Акцияға «Өндірістік экология» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен білім алушылары, сонымен қатар қаламыздағы 10 мектептің 71 оқушысы белсене қатысты. Бұл бастама жастардың назарын өзекті экологиялық мәселелерге аударуға және БҰҰ белгілеген Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған.

Шара барысында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызып, құстарға арналған үйшіктер орнатып қана қоймай, викторинаға қатысып, экологияның маңыздылығы, тұрақты даму және табиғатты сақтауға әрбір адамның жеке үлесі туралы білімдерін тереңдете түсті. Іс-шара үйлестірушілері пластмассаның қоршаған ортаға әсері, оны қайта өңдеу және жауапты тұтынудың маңыздылығы туралы танымдық әңгімелер өткізді.

Сонымен қатар, іс-шаралар қалдықтарды бөлек жинау қажеттілігіне назар аударып, жастарды саналы шешім қабылдауға шабыттандырып, алған білімдерін құрбыларымен бөлісуге шақырды.

 10 мектептен 71 оқушының қатысуы жастардың экологиялық бастамаларға деген жоғары қызығушылығын және олардың қала мен планетаның игілігі үшін әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Бұл іс-шара студенттер қалашығымызды көркейтуге практикалық үлес қосу ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларын өңіріміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға жұмылдырған маңызды әлеуметтік шара болды. Мұндай іс-шаралар тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге және табиғатқа деген қамқорлық көзқарасты қалыптастыруға көмектесетін тұрақты тәжірибеге айналатынына сенімдіміз.