Киберспорт бойынша сынға түсті

Өткен аптада университеттің Цифрлық даму орталығы мен «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында FIFA-23 кибер-спортынан университетішілік турнир өткізілді.

Білім ордамызда алғаш рет өткізілген іс-шара Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына арналды.

Сайысқа 5 институт бойынша 32 білім алушы қатысты. Тартысты жекпе-жек нәтижесінде жүлделі 1-орынды ВТ-33 тобының студенті Диас Бисембі, 2-орынды ДШжС-15 тобының білім алушысы Арсен Тұрсын иеленсе, 3-орынды ССМ-21 тобынан Бекзат Батталов пен ГРПИ-22 тобынан Серік Сұлтангереев өзара бөлісті. Сонымен қатар, Серік Сұлтангереев «Үздік сұрмерген» атанды.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу