Қаржы орталығы маманымен онлайн кездесу

Жәңгір хан университетінде «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ақзира Серікқалиқызы білім алушылармен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесуге оқу жұмыстары жөніндегі проректор Нұркен Губашев, «Мансап және бизнес-серіктестік орталығы» директоры Замзагүл Сұлтанова және мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген бітіруші курс студенттері қатысты. Аталмыш орталық өкілі Ақзира Серікқалиқызы университетте «Ауыл квотасы», «Мемлекеттік білім беру тапсырысы», «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін бюджет қаражатын белгілі бір мерзім аралығында еңбекпен өтеуге міндеттелетінін жеткізді. Міндеттемені орындамаған түлектер заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Кездесу соңында орталық маманы бітіруші жастардың сұрақтарына жауап берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу