Қайырымдылық акциясына атсалысты

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы жылдағы дәстүрге сай, республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты.

Білім ордасының ұжымы әлеуметтік көмекті қажет ететін университет қызметкерлерінің және Зачаганск кентіндегі ЖОББ №20, №30, №47 мектеп ата-аналарының балаларын мектепке дайындау барысына қолдау көрсетті. Игі іс-шараның ашылу салтанатында университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов алғы сөз сөйлеп, балаларға оқуда үздік болуға тілектестік білдірді.

Акция аясында 22 оқушыға оқу құралдары салынған сөмкелер тарту етілді. Ата-аналар осындай қайырымды іс жасаған университет басшылығына алғыстарын білдірді.

Еске сала кетсек, Жәңгір хан университетінің ұжымы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 15 жыл көлемінде 500-ден астам жанұяға қолдау білдіріп келеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу