Индустриалды-консультациялық кеңестің алғашқы отырысы

Жәңгір хан университеті мен Shell Kazakhstan компаниясы арасындағы 2022 жылы 22 қарашада қол қойылған әріптестік туралы меморандум аясында Индустриалды-консультациялық кеңес құрылып, оның құрамына мұнай-газ секторындағы белді инжинирингтік кәсіпорындардың бірінші басшылары мен БҚАТУ басшылығы өкілдері енгізілді.

Осы кеңестің биылғы 25 сәуірдегі алғашқы отырысына:

Bechtel KMGP бас директоры Тим Адиса,

ILF Consulting Engineers атқарушы директоры Талғат Теміржанов,

Fluor Kazakhstan бас директоры Роберт Мур,

Worley Kazakhstan бас директоры Талғат Иманғалиев,

Shell жобалық менеджері Девид  Макмахон,

Shell Kazakhstan менеджері Ринат Хұсаинов,

KPO инжиниринг бойынша менеджері Рауль Кумар,

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басқарма төрағасы-ректордың орынбасары,  оқу жұмысы жөніндегі проректор Нұркен Маратұлы Ғұбашев, 

«Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының директоры Замзагүл Сұлтанова қатысты.

Басқосуда Жәңгір хан университеті мен мұнай-газ компанияларының бірлескен жұмысы шеңберінде мұнай-газ саласына мамандар даярлау, соның ішіңде талапкерлер дайындау, «Химиялық инженерия» мамандығы бойынша ЖОО-ның оқыту бағдарламасын жетілдіру бойынша нұсқаулықтар және басқа да өзара ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу