Жәңгір хан университетіне Атырау облысына қарасты Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры Гүлфара Абенова жұмыс сапарымен келді. Бұл сапардың мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу және тәжірибе алмасу.
Сапар барысында колледж басшысы Гүлфара Есенжанқызы батысқазақстандық жоғары оқу орнының бүгінгі тынысымен танысты. Сонымен қатар БҚАТУ мен Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі арасында әріптестік байланыс орнату мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұл іс-шараны Жәңгір хан университетінің «Студенттер контингентін қалыптастыру орталығы» ұйымдастырды.
Индер колледжімен байланыс орнады

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
- Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
- Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
- Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
- Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу