Халықаралық конференцияға қатысты

«Экономика және аудит» жоғары мектебінің оқытушылары Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде өткен «Инновациялық экономиканың даму мәселелері мен үрдістері: халықаралық тәжірибе және Ресей тәжірибесі» атты X халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция шетелдік қатысушылар үшін университеттің цифрлық платформасында өтті, ф.-м.ғ.д., “Корпоративтік қаржы және есеп технологиялары” кафедрасының меңгерушісі Кантор Ольга Геннадиевна модератор болды.

Пленарлық отырыс барысында “Цифрлық экономиканың Бизнес-модельдері және басқару құралдары” атты 3-секциясында э.ғ.к., доцент Айдаралиева Айжамал Алибаевна  “Қазақстанның цифрлық экономикасында қолданылатын негізгі бизнес-модельдерге шолу, олардың артықшылықтары” атты баяндама жасады.  Секциялық отырыстарда Экономика және аудит ЖМ оқытушылары қатысты.

Серіктес ЖОО Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне  ғылыми зерттеулерді дамытуға және енгізуге жәрдемдескені үшін алғыс білдіреміз, ынтымақтастық біздің университеттерімізді одан әрі тұрақты дамытудың маңызды қағидаты болып қала береді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу