«Ғылым айлығы» басталды

Жәңгір хан университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 12 сәуір – халықаралық ғылым күні аясында «Ғылым айлығы – 2021» іс-шарасы басталды.

Индустриалды технологиялық институт базасында университетішілік «Жаңа технологиялар: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда алдымен сөз алған Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғылым бойынша проректоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шәмшідін әріптестерін Ғылым айлығының басталуымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында Индустриалды технологиялық институт директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев, «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғарғы мектебінің оқытушысы Адель Сәрсенова, аға оқытушысы Тимур Шәкіров,  «Құрылыс инженериясы» білім бағдарламасының 3-курс докторанты Қаржаубай Досов, «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің оқытушысы Еркебұлан Мәжитов, «Машина құрылысы» жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD доктор Ербол Ербаев, аға оқытушы Арайлым Турешева баяндама жасап, ғылыми бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.   

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі мақсаты – оқу орнындағы ғылыми бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды, өзекті мәселелерді қамтитын ауқымды жобалардың нәтижесін талқылау.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу