Ғалымдар әлемдік мәселені талқылауда

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Парниктік газдардың сіңірілуі мен эмиссиясы және декарбонизация технологиялары мәселелерінің мониторингі» атты  халықаралық семинар-кеңес өтті.

Шараға қазақстандық ғалымдармен бірге Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің ғалымдары да қатысты. Алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов семинар тақырыбы жаһандық деңгейдегі жағдай екенін айтып өтіп, ғалымдардың ортақ тұжырымы көптеген мәселенің шешімін табуына себепкер болатынын жеткізді.

Семинар жұмысы барысында ғалымдар климаттың өзгеруін зерттеу, декарбонизация технологияларын дамытудың жаһандық мәселесі саласында ғылыми ұйымдармен өзара әрекеттесуді кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалпы батысқазақстандық  Жәңгір хан университеті мен ресейлік Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті ғалымдары қос білім ордасының арасындағы келісімшарт аясында ғылыми байланыстарын нығайтып, бірлесе жұмыс атқарып келеді.

Түстен кейін ресейлік ғалымдар БҚАТУ-дың ғылыми зертханаларымен, оқу-өндірістік орталығымен танысатын болады.  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу