Ғалым ұстаздармен кездесу

Жәңгір хан университетінде «Менің жетістігім – менің нәтижем» жобасы шеңберінде ғалым ұстаздармен кездесу өтті.

Білім ордасының 60 жылдығына орайластырылған іс-шараны «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырды. Бұл жолы білім алушылар қос профессор – философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиевпен және ветеринария ғылымдарының докторы Мәлік Шәлменовпен жүздесіп, тағылымды әңгімелерін тыңдады.

Ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, ғылым саласында өздерінің қолтаңбаларын қалдырған қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ғылымдағы жетістіктері туралы баяндап, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

Ардагер ұстаздар жастарды аянбай еңбектенуге, сапалы білім алуға шақырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу