Геологтар күніне арналды

13 сәуір күні кәсіби геологтар күніне және Қазақстандағы бас геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 123 жылдығына орай «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебі  «Менің мамандығым-Геолог» атты іс шара өткізді.

Оған  6В07204 – «Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасының  1-курс студенттері қатысты. Жоғары мектеп жетекшісі  Б.Е.Хамзина болашақ геологтарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ бірінші курс студенттеріне болашақ мамандығына байланысты сұрақтар қойылып, кәсіби геологтың құндылықтары айтылды. Білім алушылардың мамандығына қызығушылығын ояту мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кітаптар, журналдар, минералдар мен тау жыныстары көрсетілді. 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу