Жәңгір хан университетінде Орал қаласы және облыс мектептері арасында өтетін дәстүрлі облыстық «Туған өлкенің экологиясы» тақырыбындағы фотобайқау қорытындыланды.
Фотобайқауға қатысқан 29 үміткердің 11-і Орал қаласы мен облыс мектептерінен болды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасында биылғы жылдың 15 қаңтарында қатысушыларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. 2024-2025 оқу жылында жыл сайынғы облыстық фотобайқауды өткізу үшін ережелер әзірленіп, қала мен облыстағы барлық мектептерге электронды поштаға жіберілді. Байқауды өткізу мерзімі: 2024 жылдың 10 желтоқсаны мен 2025 жылдың 10 қаңтары аралығына жоспарланып, осы кезеңде қатысушылар өтінімдерді толтырып, жұмыстарымен бірге жіберді. Екінші финалдық тур 2025 жылдың 14 қаңтарында онлайн режимде өтті.
Марапаттар екі номинация бойынша өтті: «Сурет салу» және «Фото». «Фото» номинациясы бойынша І орын Асан МББК мектебінің 6-сынып оқушысы Айдана Жұмахмедке берілсе, екінші орынға №32 ЖОББ мектебінің оқушысы Виктория Башлычева (11-сынып) мен Бөрлі колледжінің студенті Әсем Төлеген (10-сынып) ие болды. Ал ІІІ орынды Бөрлі колледжінің студенті Гүлім Жолдығали, Озерный ЖОББМ-нің оқушысы (Бәйтерек ауданы) Мәдина Жұмағали және БҚО дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының оқушысы Аружан Қабиева иеленді.
«Сурет салу» номинациясында І орынды – №32 ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Валерия Шадрухина, ІІ орынды Достық ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Мәдина Молдағалиева мен Қадыр Мырза Әлі атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дильназ Аманғали жеңіп алды. ІІІ орынды Озерный орта мектебінің оқушысы Тимофей Баршев, №26 ЖОББ мектебінің оқушысы Арина Иванайская және №25 орта мектептің оқушысы Мөлдір Таскентова иеленіп, барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Байқауды «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының оқытушылары ұйымдастырды.