Фильмнің көрсетілімі өтті

Бүгін Жәңгір хан университетінінде “Егер Бөкей болмаса” атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Шараға аталмыш фильмнің продюсері, университет түлегі, белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, меценат Мұрат Жәкібаев және фильм сценарийінің авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Құшырғали Төлеуішов қатысты.

Шараның алғашқы бөлімінде студенттер назарына 40 минуттық фильм ұсынылып, кейіннен кеш қонақтарымен сұқбат жүргізілді. Сұхбат барысында продюсер фильмді түсіру идеясы қалай туындағанын айтып, түсірілім барысындағы қызықтарымен бөлісті. Мұрат Орынбайұлы алдағы уақытта да шығармашылық бағытта бірқатар шараларды қолға алмақ.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу