Еркебұлан үшінші орын иеленді

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының 3-курс  студенті Еркебұлан Қадырханов халықаралық ғылыми конференцияда 3-орынға ие болды. Еркебұланның ғылыми жетекшісі — аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі А.Д. Кубегенова.

Аталмыш конференция 12 сәуір  күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылыми қызметкерлері күні» аясында өткізілді. Студенттер мен жас ғалымдарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2023» XVIII халықаралық ғылыми конференциясында Еркебұлан Қадырханов «Интеллектуальный анализ данных и прогноз в исследовании ВИЧ-инфицированных в Казахстане» тақырыбында маңызды баяндама (онлайн форматта) жасады.

Еркебұланды құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу