«Елбасы медалін» табыстады

Бүгін Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов Политехникалық институттың 1-курс студенті Дамир Уаповке «Елбасы медалін» табыстады.

Коворкинг орталығында өткен іс-шараға Политехникалық институттың директоры Жанна Кубашева, «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Есенаманова және білім алушылар қатысты.

Проректор Ақылбек Ұзақбайұлы мен институт директоры Жанна Қайыржанқызы Дамир Уаповке «Елбасы медалі» жобасының қола медалін табыстап, арнайы құттықтады. Өз еңбегімен осындай жетістікке жеткен студентті Айгүл Базарқызы да құттықтап, ізденемін деген білім алушыларға «Парасат» орталығында да көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын айтып өтті.

Өз кезегінде қола медаль иегері Дамир Уапов аталмыш жобаның талаптары мен бағыттарына тоқталып өтті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу