Экологиялық пікірсайыс өтті

31 наурыз күні «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі доценті Б. Губашева институт білім алушыларының ҒЗЖ жоспары аясында 6В05200 – «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасы бойынша ПЭ-31 топ білім алушыларының қатысуымен ««Қоңыр» технологиядан «жасыл» технологияға ауысу» атты экологиялық пікірсайыс өткізді.

Пікірсайыс барысында «Energy» командасы «Жасыл» технологияларды дәріптесе, «Жұлдыз» командасы спикерлері «Қоңыр» технологиялардың қазіргі кездегі елдің экономикасын дамытудағы ролі туралы дәйектерді алға тарту етіп, «жасыл» технологияларды енгізу барысындағы кедергілер туралы мәлімдеме жасады. Жалпы пікірсайыс бекітілген ережеге сәйкес оздырылып, нәтижесінде «Energy» командасы жеңімпаз атанды

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу