Дөңгелек үстел өтті

Жәңгір хан университетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – рухани құндылықтардың қайнар көзі» атты дөңгелек үстел өтті.

 «Жалпы даму және кәсіби білім беру педагогтарын даярлау», «Парасат» ақпараттық білім беру орталықтары ұйымдастырған шарада алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов хакім Абайдың шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болғанын, философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер еткенін атап өтті.

Бұдан әрі университеттің ғалым-ұстаздары Тілекжан Хасенұлы, Венера Әубекерқызы,  «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Базарқызы, Тілдерді дамыту орталығының аға оқытушысы Ақкербез Ерболатқызы баяндама жасап, ұлы ойшыл, ақынның ғибратты өмір жолы, тағылымға толы шығармалары, мәдени мұрасы, өнеге тұнған өсиеттері туралы ой қозғады.

Дөңгелек үстел барысында «Жалпы даму және кәсіби білім беру педагогтарын даярлау орталығы» дайындаған бейнеүзік көрсетіліп, дөңгелек үстелге қатысқан білім алушылар ақынның өлеңдері мен әндерінен үзінді тыңдады.