«Дін және зайырлылық»

Жәңгір хан университетінің №3 студенттер үйінің оқу залында «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Дін және зайырлылық» атты интеллектуалды кездесу өтті. Шараның мақсаты — студенттер арасында зайырлы мемлекеттің белгілері мен қағидаларын түсіндіру, діни толеранттылықты қалыптастыру. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» орталығының т.ғ.к., аға оқытушысы Е.Хайдаров студенттерге зайырлы мемлекет, діни толеранттылық, олардың белгілері, ерекшеліктері, діннің қоғамдағы рөлі төңірегінде сауалдар жолдады. Сонымен бірге Қазақстан тарихы, оның ішінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері бойынша блиц сұрақтар қойылды. Студенттер сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесуде белсенділік танытқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу