Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні

Бұл атаулы күннің шығуына балалар кітаптары сайтының иесі, үш баланың анасы Эмми Бродмур атты АҚШ тұрғыны себепкер болған екен.

Бұл пікірдің туындауына баласының «Неге адамдардың бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сұрағы түрткі болады. Содан әлеуметтік желілер, таныс блогерлер, өзінің сайты және достары арқылы Эмми 2012 жылы 14 ақпан күнін «Кітап сыйға тарту күні» ретінде аталу ұсынысын алға тартады. Осылайша кішкентай баланың сұрағы мен анасының оны қолдауы және миллиондаған халықтың бұл жақсы пікірді құптап, іліп әкетуі арқылы осы күн қазіргі таңда халықаралық деңгейде аталып келеді. Қазіргі таңда көптеген елде мемлекеттік деңгейде осы күн аталып өтуде. Кітапханалар, кітап дүкендері, кітаппен байланысты сайттар осы күнгі іс-шараларға атсалысуда.

Кітап – ең жақсы сыйлық! Кітап оқу – сөз қорының көбеюіне, сөйлеу мәнерінің жақсаруына септігін тигізеді, есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Зерттеулер кітап оқудың күйцзеліске қарсы жақсы шара екендігін көрсеткен. Көп кітап оқу мидағы нейрондық байланыстарды арттырады, яғни зеректікті қалыптастырады. Ал дәрігер мамандардың айтуынша, кітап оқуды әдетке айналдыру егде жаста ақыл-есінің қалыпты болуына, альцгеймер ауруына шалдықпауға септігін тигізеді.  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу