Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2024

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2024» іс-шарасы өтті.

 Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарынан 100-ге тарта кәсіпорын-мекемелердің өкілдері қатысып, бітіруші түлектермен кездесті. Университеттегі «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы мен институттар бірлесіп ұйымдастырған шараның басты мақсаты – университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету, кәсіпорындар мен оқу орны арасындағы байланысты нығайту, осы жылғы бітірушілерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

Оқу орнының үлкен залында бітіруші курс студенттерінің қатысуымен өткен жиында сөз алған университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов бұл жәрмеңке – жастардың болашағына ықпал ететін ауқымды іс-шаралардың бірі екенін атап өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов бітіруші түлектерге мемлекеттік қызметке орналасу жолдарын түсіндірсе, БҚО Стратегия және даму басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын таныстырды. Орал қалалық мансап орталығы директорының орынбасары Сағира Бимұхамбетова «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларына тоқталды. Еңбек ұтқырлығы орталығының маманы Жандарбек Жайсан жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидалары туралы ақпарат берді.

Жиыннан соң университет фойесінде жұмыс беруші кәсіпорындар өкілдері бос лауазымдар бойынша үміткерлермен әңгімелесулер өткізсе, облыс аудандары әкімдіктерінің аппарат басшылары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алатын түлектермен кездесті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу