Бірінші курс – 2021

Жәңгір хан университетінде Жастар бастамасын дамыту орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бірінші курс – 2021» институтаралық байқауы өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған байқауда 1 курс студенттері жоғарғы курс белсенділерінің жетекшілігімен өзара сынға түсті.

Білім алушылар ұлттық және заманауи билер, ұлттық және заманауи әндер патриоттық ән және би, мәнерлеп оқу және т.б жалпы саны 11 номинация бойынша бақ сынады.

Жылжымалы кубокты «Индустриалды-технологиялық» институты иеленді.

Аталмыш шара студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және өзара достық қатынастарын нығайту мақсатын көздейді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу