Білімдерін сынға салды

«Жалпы техникалық дайындық»  орталығы 12 сәуір – ғарышкерлер күніне және «Ғылым айы-2021» іс-шарасына  орай «Алаштың үш алыбы» атты викториналық сайыс ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты – білім алушыларды тұңғыш ғарышкерлермен және қазақстандық ғарышкерлермен таныстыру. Олардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің ерлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Аталмыш орталықтың аға оқытушылары (А.Бисенғалиева, А.Нұралин) өткізген сайысқа Политехникалық институттың ЭС-11, 13, 15, БЖП-11, 13 топтарының талапты білім алушылары қатысып, білім-білгірліктерін көрсетті. «Жер», «Марс», «Шолпан» атты командалар алдымен өздерінің презентацияларын көрсетсе, «Блиц-сұрақтар» кезеңінде әр топқа сұрақтар қойылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу