Білім алушылар өндірістік-зертханалық базада болды

19-23 қыркүйек аралығында «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің профессор – оқытушылар құрамы 6В07202 – «Мұнай-газ ісі» және 6В07100 – «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Оралмұнайгазгеология» компаниясының өндірістік-зертханалық базасында практикаға бағытталған дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Практикаға бағытталған дәрістер мұнай компаниясымен жасалынған меморандум аясында «Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы», «Мұнай кен орындарын игеру», «Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары», «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы пәндері бойынша жүргізілді.

Білім алушыларға университет оқытушылары мен  «Оралмұнайгазгеология» компаниясының өкілі Абдулов Б.К мұнайгаз саласындағы қазіргі мәселелер,  өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технологиялар  мен техникалар жөнінде көптеген ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Дәрістер соңында «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары Б.Ж.Бурханов, А.С.Купешова, Р.С.Бегалиева, А.К.Абдыгалиева, А.А.Мурзагалиева, Р.И.Джусупкалиева, Ж.Т.Ержанова және А.Б. Қыдрашовтар студенттерден жалпы өндірістегі процестер мен технологиялар бойынша түсінгендерін сұрап әрқайсысына жеке-жеке тапсырмалар берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу