Білікті мамандар тренинг өткізді

24-25 сәуір күндері Жәңгір хан университетінде екі күндік «Shell NXplorers» тренингі өтті.

Тренингті университет басшылығының шақыртуымен «Шелл Қазақстан» компаниясының арнайы сертификаты бар тренерлары өткізді.

Бұл іс-шара үміткерлерді кешенді міндеттерді шешуге үйретуге бағытталған Жас инженерлер байқауы аясында ұйымдастырылды. Тренингке Индустриалды-технологиялық, Политехникалық институттардың және Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының 2-3 курс командалары қатысты.

Еске сала кетсек, аталмыш байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың қазан айында Инженерлердің бірінші форумы шеңберінде өтеді. Мұнда біздің ЖОО-ның студент-жастары мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алып, белді салалық сарапшылардан білім мен тәжірибе жинақтап, сондай-ақ өз жұмыстарын да көрсететін болады.

Аталған іс-шараны Жәңгір хан университетінің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы ұйымдастырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу