Аудан жастары білімдерін сынға салуда

Бүгін Жәңгір хан университетінде Халықаралық жастар күніне орай «JAIYQ JASTARY» фестивалі аясында аудан жастары арасындағы «BILIMDILER DODASY» зияткерлік ойыны өтуде.

            БҚО Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатқан іс-шараға әр ауданнан жұмысшы жастардан, жастар ұйымдары өкілдерінен, волонтерлар мен белсенділерден құралған топ қатысуда. Зияткерлік ойынының жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып,  статуэткалар табысталады.

            Басты мақсат: Жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қатысушыларымыздың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу