Әріптеске құрмет

Бүгін Индустриалды-технологиялық институт ұжымы ғалым-ұстаз Алтынбек Давлетьяровты 70 жасымен құттықтады.

Мерейтой иесіне университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлының құттықтау хатын табыстап, ақжарма тілегін арнады.

Жарты ғасыр саналы ғұмырын Жәңгір хан университетінің қабырғасында өткізіп, білім мен ғылымға өлшеусіз үлесін қосқан Алтынбек Шәриполлаұлын әріптестері де құттықтап, айрықша құрмет көрсетті. Институттың белсенді студенттері оқытушыларына арнап концерттік бағдарламаларын тарту етті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу