Ақтөбеде өткен екінші семинар

22 маусым күні Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қызметкерлері «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-да ҚР АШМ BR10764981 бағдарламасы аясында «Етті мал шаруашылығында генетикалық ресурстарды сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға «Монти» ЖК, «Анисан», «Жайлау», «Асем», «Бәйтерек», «Ынтымақ», «Исламбек», «НурМТС», «Болашақ» шаруа қожалықтарының мал шаруашылығы мамандары, зоотехниктер, ветеринарлар, Ақтөбе облысының АШБ және жер қатынастары мамандары, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері және т.б. белсенді қатысты. Семинарда университет ғалымдары етті мал шаруашылығындағы селекциялық – асыл тұқымдық жұмыстарының негіздерін ұсынып, өз өнімділігі бойынша бұқашықтарды сынау негізіндегі зерттеулердің нәтижелерін, ұрпақтарының сапасы бойынша асыл тұқымды бұқаларды бағалау нәтижелерін баяндады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу