Жәңгір хан университетінің студенттері Ясмин Тілеген мен Шахбозбек Йигиталиев АҚШ-тың Астанадағы елшілігі ұйымдастырған ағылшын тілі бойынша пікірталас конференциясына Fulbright бағдарламасының ағылшын тілі пәнінің көмекшісі Калла Лидің жетекшілігімен қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 19 команда бақ сынады. Біздің команда Батыс Қазақстан тобы бойынша үшінші орынға ие болды. Конференциядан бөлек студенттер мәдени іс-шараларға және шеберлік сағаттарына қатысты. Конференцияның мақсаты – ағылшын тілі деңгейін жоғарылату және елшілік пен университет арасындағы байланысты нығайту.
