АҚШ елшілігі өкілдері университетпен танысты

Бүгін университетімізге Америка Құрама Штаттары елшілігі өкілдері келді.

Атап айтқанда, БАҚ, мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі елші кеңесшісі Debra Lo, ресурстарды басқару бойынша ассистент Динара Муталиева, мемлекетаралық келісім негізіндегі Fulbright бағдарламасының шәкіртақы иегерлері, АҚШ азаматшалары Calla Li мен Kristina McCarthy сынды қонақтар университетіміздің  басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовпен кездесті. Сонымен қатар меймандар БҚАТУ-дағы Халықаралық ынтымақтастық бөлімімен, Жәңгір хан музейімен, Тілдерді дамыту орталығымен танысты.

Алдағы уақытта Calla Li университетіміздің студенттері мен оқытушыларына ағылшын тілін дамытуға бағытталған Speaking clubs өткізіп тұрады.

Барлық сұрақпен Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  жолығуларыңызға болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу